Qazaqsha Podcast – Détails, épisodes et analyse

Détails du podcast

Informations techniques et générales issues du flux RSS du podcast.

Podcast Qazaqsha Podcast

Qazaqsha Podcast

Bella Orynbetova

Société & Culture

Fréquence : 1 épisode/102j. Total Éps: 20

Hosting podcast Spotify for Podcasters
Мұнда қазақ тілінде подкасттар тыңдай аласыздар. Бұл подкасттарда өмірге, адамдарға, құбылыстарға деген тың көзқарастар, соны пікірлер айтылады. Подкасттың тұрақты жүргізушісі: Бэлла Орынбетова
Site
RSS
Apple

Classements récents

Dernières positions dans les classements Apple Podcasts et Spotify.

Apple Podcasts

  • 🇩🇪 Allemagne - personalJournals

    28/04/2026
    #87
  • 🇩🇪 Allemagne - personalJournals

    05/01/2026
    #94

Spotify

    Aucun classement récent disponible



Qualité et score du flux RSS

Évaluation technique de la qualité et de la structure du flux RSS.

See all
Qualité du flux RSS
À améliorer

Score global : 28%


Historique des publications

Répartition mensuelle des publications d'épisodes au fil des années.

Episodes published by month in

Derniers épisodes publiés

Liste des épisodes récents, avec titres, durées et descriptions.

See all

Әкеммен екі кесе шай

Saison 3 · Épisode 1

jeudi 9 mai 2024Durée 12:43

Бұл “Екі кесе” подкастының жалғасы іспеттес. Әкемнің шай үстінде адамгершілік туралы айтқан естелігі менің подкаст эпизодымда тұруға тиіс

Maqala tyñda_Шыңжаңнан келгендердің кейінгі легі

Saison 1 · Épisode 1

mardi 3 mai 2022Durée 12:26

Qazaqsha podcast жаңа айдары "Maqala tyñda" деп аталады. Мұнда қазақ медиасында жарияланған өзекті де сапалы материалдар туралы айтамын. Алғашқы эпизодта журналист Нұртай Лаханұлының Азаттық радиосы сайтында жарияланған «Шыңжаңнан келгендердің кейінгі легі "лагерь" тақырыбын қозғауға құлықсыз» материалы.

– Қытайда қалған туыстарымның амандығын білейін деп келдім. Ол жақта бауырларым, ағайын-жұрағатым бар. Естуімізше, онда қиындық көп болып жатыр. 2017 жылы басталған Қытай саясатының салдарынан түрмеге қамалған достарым бар. Сотталып кеткен ерлі-зайыпты таныстарым да бар. Балалары жетімдер үйінде қалды. Сондағы олардың бар қылмысы – намазға жығылғаны, – дейді Ералы.

Осыдан кейін ғана Оралтай: "Қазақстанға барғанда әртүрлі әңгіме айтпайсың деп, қолымызды қайырып, талай қағазға қол қойғызды ғой" деді...

Сауат өлшемі. Сіз сауатты адамсыз ба?

Saison 1 · Épisode 10

jeudi 26 mars 2020Durée 01:05:06

Сауат деген не? Қатесіз жазу ма, білгеніңді іске жарату ма? Біз өзімізді сауаттымыз деп айта аламыз ба? Ал тұтас халықты ше?

Бұл эпизодта медиатренер, медиа зерттеуші Асхат Еркімбай, аудармашы, блогер Асқар Базарбай (Oskar Gasta) және блогер, азаматтық белсенді Ғалымжан Оразымбет біздің заманымыздағы адамның сауат деңгейі туралы ой бөліседі. 

COVID19. Қашықтан жақын араласу

samedi 21 mars 2020Durée 01:11:29

Бұл пандемия адамға, қоғамға, сезімге, экономикаға, сенімге сынақ іспеттес. Біз оны қалай қабылдаймыз? Үміт беретін не? Неден қорқамыз? Осы төңірегінде Ғалымжан Оразымбет және Бэлла Орынбетова ой бөліседі.

Подкаст барысында айтылған ресурстарға сілтемелер: 

https://www.coronavirus2020.kz/ Қазақстан бойынша ресми мәліметтер 

Әлемдік жағдайды қадағалайтын сайт: https://www.worldometers.info/coronavirus/#countries



Біз қалай ксенофоб болдық

mardi 18 février 2020Durée 01:07:26

Бұл эпизодта Айсұлтан Жақыпов, Meihua Zheng және мен ксенофобия туралы әңгімелестік. Негізі бұл әңгімеге түрткі болған Қазақстанда жыл сайын әр өңірден бұрқ ете қалатын этнос аралық конфликттер. Атап айтқанда 2020 жылдың 5-7 ақпан күндері Қордайда болған оқиға.  Бірақ әңгіме тек Қордай төңірегінде емес. Мұнда біз басымыздан өткен жағдайлар, жеке әсерлеріміз, түйген ойларымызбен бөлістік. Бәлкім кей мәселелерге қатысты әлі де ойларымызды өзгертетін шығармыз, кемелдіктің шегі жоқ) Өз пікірлеріңізді бөлісе отырыңыз. 

1 КҮН: АУДАРМАШЫМЕН

Saison 1 · Épisode 1

lundi 3 février 2020Durée 45:28

"Бір күн" подкасты түрлі мамандық иелерінің әдеттегі жұмыс күнін баяндайды. Онымен қоса осы кәсіптің қиындығы мен артықшылығы, оған қатысты қоғамда қалыптасқан жаңсақ пікірлер туралы да айтылады. Алғашқы эпизодта аудармашы Гаухар Раянова өзінің әдеттегі күнін сипаттап берді. Аудармашылардың табысы, жақсы аудармашы болу үшін не қажет екенін, "Еркектер қорқақтардың" туындауына қатысты болжамдар және басқа да қызықты дүниелерді біле аласыз. 

Подкаст жазуға келісімін берген Гаухарға көп рақмет)

EKI KESE: Жаңа жылдық есеп

mardi 31 décembre 2019Durée 01:01:56

Подкаст жаңа жыл қарсаңында жазылған еді. Жаңа жыл бұл әдетте жылды қорытындылау, тағы бір жылға есею, өмір туралы ойлау, ғажайып күту, достарыңмен жиналу. Осы подкаст барысында мұның барлығы сөз болады. Екі кесе подкастының қонағы -  Ғалымжан Оразымбет.  

EKI KESE: Кәріліктен неге қорқамыз?

lundi 16 décembre 2019Durée 37:13

Қария десе көз алдыңызға кім келеді? Оларға деген көзқарасыңыз, қарым-қатынасыңыз қандай? Сіз кәрілігіңізді қалай елестетесіз? Қоғамның қарияларға арнап ойып жасаған стереотип шаблонына кіргіңіз келе ме? Eki kese шай үстінде Ғалымжан Оразымбетпен осы жөнінде сөйлескен едік

EKI KESE: Жақын адамың қайтыс болғанда

lundi 11 novembre 2019Durée 47:53

Бұл подкаст менің сүйікті әпкем Ардаққа арналады... 

Дүниедегі ең жақын, ең қымбатты адамның өмірден өткенін қабылдау үшін маған үш жыл қажет болды. Қабылдау. Ұмыту емес. 

Жақындары қайтыс болғанда адамдар неге қайғырады? Меніңше өмірден өткен адамды емес, өзін аяғаннан.  Шындап келгенде өмір деген біз ойлағандай қорқынышты дүние емес сияқты. Eki kese подкастының қонағы Гаухар Раянова. Неге Гаухар, неге бұл тақырып екенін подкаст барысында түсінесіз. Сеніңіз, өлімнен кейін де өмір бар...   

EKI KESE: Sayahat, USA & Mongolya

lundi 21 octobre 2019Durée 01:02:03

Бұл подкастта дизайнер, жас блогер, болашақ жиһанкез Symbatbyek Darigyerkhanuly АҚШ сапары, Моңғолия мен Қазақстан арасындағы айырма мен ұқсастық, өмірін өзгерткен әдеттер, жақсы адамдар туралы пікірлерімен бөліседі ;)


Podcasts Similaires Basées sur le Contenu

Découvrez des podcasts liées à Qazaqsha Podcast. Explorez des podcasts avec des thèmes, sujets, et formats similaires. Ces similarités sont calculées grâce à des données tangibles, pas d'extrapolations !
Podcast EvoSapiens FR
Podcast Coronavirus Update
© My Podcast Data