Kozqaras podcast – Détails, épisodes et analyse
Détails du podcast
Informations techniques et générales issues du flux RSS du podcast.


Classements récents
Dernières positions dans les classements Apple Podcasts et Spotify.
Apple Podcasts
🇩🇪 Allemagne - afterShows
02/11/2024#95🇩🇪 Allemagne - afterShows
01/11/2024#79🇩🇪 Allemagne - afterShows
30/10/2024#37🇩🇪 Allemagne - afterShows
29/10/2024#25
Spotify
Aucun classement récent disponible
Liens partagés entre épisodes et podcasts
Liens présents dans les descriptions d'épisodes et autres podcasts les utilisant également.
See all- https://www.instagram.com/bek10ay
6 partages
- https://www.udemy.com
42 partages
- https://www.coursera.org
26 partages
- https://forms.gle/BHqfqLQkJAa5rdfJ8
3 partages
Qualité et score du flux RSS
Évaluation technique de la qualité et de la structure du flux RSS.
See allScore global : 38%
Historique des publications
Répartition mensuelle des publications d'épisodes au fil des années.
Нұржан Еркінұлы: Бөлек шығайық, неге еркектер әйелдің тәуелсіздігінен қорқады?
jeudi 24 octobre 2024 • Durée 01:34:57
Kozqaras подкастының кезекті қонағы – сценарист, режиссер, продюсер Нұржан Еркінұлы.
Нұржан мырзамен ана мен бала арасындағы сепарация мәселесі, неге еркектер әйелдің ақшалы, тәуелсіз болуынан қорқады, әйелдер үздіксіз дамып, өз құқықтары мен мүмкіндіктерін біліп жатқан уақытта неге жігіттер трендтен қалып жатыр тақырыптары аясында ерекше эпизод жаздық.
Бұл – про-феминист, әйел мәселелерін үлкен экранға шығарып көрсете алған Нұржан Еркінұлының көзқарасымен танысатын және қазіргі қоғамдағы еркектердің кем тұстары мен қателіктері айтылған пайдалы эпизод болды.
‼️КОНКУРС!
Нұржан мырзаның Эпизод соңында қойған сұрағына комментарийде жауап беріп, ақшалай сыйлық ұтып алыңыз!
⚠️ЕСКЕРТУ:
Біз сізбен байланыса алуымыз үшін комментарийде Instagram аккаунтыңызды жазуды ұмытпаңыз.
🔥Сәттілік!
Таймкод:
00:00 кіріспе
03:22 Нұржан Еркінұлымен танысу
08:35 «бөлек шығайық» фильмі туралы
18:37 жігіттерге арналған алаң жасап жатырмыз
21:22 негізі фем-оптика бәрінде бар
26:10 Феминизмнің мақсаты - еркектің орнын тартып алу емес!
28:33 неге еркектер әйелдің тәуелсіздігінен қорқады?
30:46 жақсы көремін - өте мағыналы сөз
32:29 әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық - еркектердің әйелді жақсы көре алмауынан
36:56 жігіттер арасындағы бәсекелестік
39:37 «Мамасының баласы» – өзінің күйеуіне көңілі толмаған әйелден туындайтын мәселе
1:00:18 ұл баланың есеуіне ата-аналар дайын емес
1:02:25 жігіттер үлкен өмірге дайын емес
1:04:47 Әйел ақша тапса, еркектен тәуелсіз болады
1:08:54 Жалғыздықтан қорқатын еркектер
1:19:51 ерлі-зайыптылар арасындағы айтылуы керек әңгімелер
1:22:06 жігіттерге арналған білім алатын платформа
1:32:08 КОНКУРС
Назгүл Қожабек: Калькасыз қазақ тілі, Контент жасаушылардың 70%-ы орысша ойланады
mercredi 16 octobre 2024 • Durée 02:09:44
Kozqaras подкастының кезекті қонағы – филолог, лингвист, редактор Назгүл Қожабек. Назгүл ханыммен: қазақ тілінде таза сөйлеу, сауатты жазу мәселесін қалай шешуге болады, бизнес пен маркетингтегі дұрыс емес аудармалар, қазақ тілі мен қазақ әйелін не байланыстырады тақырыптары аясында ерекше эпизод жаздық. Эпизодты толық көріп, комментарийде қозғалған тақырыптар бойынша өз көзқарасыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз! Таймкод: 00:00 – Кіріспе 00:42 – “Калькасыз қазақ тілі” Telegram каналы туралы 04:24 – Назгүл Қожабекпен танысу 12:40 – Контент жасаушылардың 70%-ы орысша ойланады 15:08 – Қазақ тілінің де қазақ тілі бар 18:59 – Орыс тілін білмейтіндер қазақ тілін бүлдіріп жатыр 21:29 – “Орыстандыру” деректі фильмі туралы 24:29 – Баламызбен қазақша сөйлеспей, қазақ тілінің ертеңі бар деп айта алмаймыз 33:36 – Баласының аты-жөнін орысша жазатын қазақтар бар 35:44 – Қазақ тілі мен қазақ әйелі тағдырлас 37:32 – Қазақ әйелі үшін ең басты мотивация – біздің қатын молодец 44:30 – Әйелдер де мамонт аулаған 51:36 – “Әйел еркектен бір саты төмен” сөзі қай кезеңде шықты? 53:06 – Неге мен әйел болғаным үшін кез келген ер адамнан төмен тұруым керек? 59:14 – Барлық әйел отбасымен жұмысын қатар алып жүруге ұмтылады 1:08:09 – Аударма психологиясы 1:13:52 – Филология мамандары неге қате сөйлейді? 1:16:06 – Үлкен арманым – мінсіз мәтін шығару 1:17:11 – Филология факультетін бітіргендерге кеңес 1:19:28 – Сапасыз контент жасайтын дипломы бар филологтар туралы 1:24:34 – Мәтінге мен сияқты қарайтын адамдар көбейсе 1:26:35 – Кірме сөздерді бейімдеу туралы 1:30:02 – Латын графикасына көшу туралы 1:43:36 – Қазір сұраныс аудармашылықтан редакторлыққа ауысуда 1:46:04 – Кейде орысша сөйлеген оңай болып көрінеді 1:48:57 – Әлеуметтік желілердің алгоритмі қалай жұмыс жасайды? 1:53:06 – Facebook-қа адамдар бір-бірімен танысу үшін тіркеледі 2:00:56 – Threads-тағы контент 2:06:10 – Қорытынды
Айкерім Есенәлі: Келін емес, отбасылы болуға дайындалу керек, ақшалы әйелдің сөзі өтеді
lundi 8 juillet 2024 • Durée 01:17:24
Қазіргі қоғамда ажырасқан әйелдің әлеуметтік статусы төмен екені баршамызға белгігі. Ажырасқан әйел деп кінәні толықтай әйелге артып қою, оның жасаған жұмыстарымен жетістіктерін құнсыздандыру біздің қоғамның үлкен дерті. Бүгінгі эпизодтың қонағы: продюсер, медиамаман, тележүргізуші Айкерім Есенәлі. Айкеріммен корпоративтегі әйелге жасалатын хоррасмонт, қазіргі Қазақ әйелінің жағдайы, ажырасудың алдын алу үшін нені ескеру керек тақырыптары аясында пайдалы эпизод жаздық. Эпизодты толық көріп жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз!
Нұрилла Ақберген: Ғабитпен болған қарым- қатынас, отбасылық өмірі | Kozqaras podcast
vendredi 21 juin 2024 • Durée 02:20:30
оңғы уақытта тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандары өз басынан өткен «Абьюзермен қарым-қатынасы» туралы әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісуде. Бұл тренд қыздарға абьюзерді алдын ала тануға, ал тұрмыстағы әйелдерге уақытында дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Бүгінгі эпизодтың қонағы: танымал блогер, кәсіпкер, журналист Нұрилла Ақберген. Нұрилламен: «Меломен» тобының мүшесі Ғабитпен болған қарым- қатынасы, отбасылық өмірі туралы ашық сөйлестік. Бұл тек қыздар емес жігіттер де көруі керек «Абьюзивті қарым- қатынас» тақырыбы терең ашылған бірегей, маңызды эпизод болды. Таймкод: 00:00 Кіріспе 01:23 Нұрилла Ақбергенмен танысу 09:41 Ғабитпен танысу 15:32 Қарым- қатынастағы қауіпті белгілер (RED FLAGS) 26:21 Тойдан кейінгі шектеулер 34:23 Алғашқы ұру жағдайы 45:10 Оның абыройы - менің орамалым болды 50:50 Пособияға гәп ойнадым 55:41 Маған оның қыздарға жазған перепискалары келді 1:01:27 Ажырасуға не себеп болды? 1:29:17 Нұрилланың зорлық көргенін дәлелдейтін видео неге инстаграмға салынды? 1:39 42 Нұрилланың зорлық көргенін дәлелдейтін куәгер 1:45:04 Нұрилланың зорлық көргенін дәлелдейтін суреттер 1:46:23 Ажырасуға себеп болған соңғы жағдай 1:52:01 Меломен жігіттері бәрін білді 1:55:46 Ғабитке ұнайтын қыз қандай болуы керек? 2:00:41 Ғабит балаларға қарауға көмектеседі ме? 2:10:11 Күйеуінен таяқ жеп жүрген әйелдерге не істеу керек? 2:13:08 Салтанат-2 болудан аман қалдым
Аружан Садуева - Платок надевают не ради мужчин! Как построить здоровые отношения в браке? | Kozqaras podcast
Saison 2 · Épisode 1
mardi 28 mai 2024 • Durée 01:38:09
"Женщина в платке не подвергается насилию, изнасилованию подвергаются те, кто одет открыто," - так официальный имам (КМДБ) Нурсултан Рысмаганбетулы прокомментировал актуальную тему насилия в стране. Нужно ли так пугать и унижать девушек, призывая их к религии и ношению платка? Гостьей этого эпизода я пригласила психолога Аружан Садуеву, чтобы поговорить на тему отношений до брака в Исламе и здоровых отношений в браке. Аружан является экспертом в платке, и мы подняли тему, что платок не надевается ради мужчин. Я уверена, что этот эпизод поможет вам найти ответы на многие важные вопросы. таймкоды: 00:00 начало 01:48 знакомство с Аружан Садуевой 08:53 Зависит ли успех мужчины от женщины? 16:07 Почему девушки торопятся выйти замуж? 19:25 Что такое брак? 24:07 Бытовые инвалиды - разрушают брак 32:02 Как помочь женщинам, у которых не получается коммуницировать с мужьями? 41:22 Как узнать человека перед браком? 52:20 Платок - это 59:28 Что такое «ұят»? 1:04:14 Что делать женщинам, которые думают о разводе? 1:9:04 в Исламе есть матчество 1:11:44 Про осознанность 1:13:53 Как найти своего человека? 1:18:34 Во всем делают виноватыми женщин. 1:21:43 Платок надевают не ради мужчин! 1:26:27 Как брать ответственность за свою жизнь? 1:27:55 Привязано ли счастье женщины к созданию семьи? Ведущая подкаста: Роза Әшірбаева https://www.instagram.com/rozaashirbayeva https://www.instagram.com/roza.coach Продюсер: Тамирис Кушалиева https://www.instagram.com/tamiris.k Әсел Налыбекова https://www.instagram.com/asselnalybekova Гостья подкаста: Аружан Садуева https://www.instagram.com/saduyeva?igsh=MXVhNDd3MTB6Mm1iNg== Арт директор: Мирас Тыныштыков https://www.instagram.com/miras.tynyshtykov Motion дизайнер: Абылай Махамбеткул https://www.instagram.com/abldouble YouTube менеджер: Бекжан Нұрадин https://www.instagram.com/bek10ay Джингл: Yenlik https://www.instagram.com/yenleak Нуржан Абдолла https://www.instagram.com/dln_music Съемочная группа: https://www.instagram.com/silvers.production слушать подкаст Яндекс Музылка - https://music.yandex.ru/album/30286281 другие платформы - https://podcasters.spotify.com/pod/show/-041355 #kozqaraspodcast
Әлия Әшім: «ене - туған анаңдай бола алмайды», «Саясатта әйел үні жоқ…»
dimanche 21 avril 2024 • Durée 01:49:30
Тарихта қаншама Қазақ әйелдерінің тұлға ретінде зерттелмеуінің нәтижесінде біз ол кісілердің өмір жолы мен ұлт үшін жасаған жұмыстарынан бейхабармыз. «Kozqaras podcast-тың» кезекті қонағы ретінде журналист, документалист Әлия Әшімді шақырып көп айтыла бермейтін тарихтағы “Қазақ әйелдерінің біз білмейтін ұлт үшін жасаған жұмыстары” және “Біз неге орыс тілінде сөйлейміз?”тақырыптары аясында ерекше эпизод жаздық. Эпизодты тыңдап Қзақстан тарихын жаңаша көзқараспен таныңыз. "KOZQARAS" промо-кодын қолданып, демеушіміз "Waffle" тәттілеріне 10% жеңілдік алыңыз! Промокод осы подкаст шыққан күннен бастап 5-мамырға дейін, тек Алматы қаласында ғана қолданылады. Instagram - https://www.instagram.com/waffle_kex Таймкод: 00:00 Кіріспе 02:12 Әлия Әшіммен танысу 06:49 Өзіңді тыңдау керек 08:09 АҚШ-қа оқуға түсу туралы 17:16 Жігітпен жағажайда келісіп алу туралы 20:35 Ене - туған анаңдай бола алмайды. 23:18 Неге документалистика мамандығы 26:24 АҚШ-тағы телеарналардың жұмыс жасау процесі туралы 35:12 Netflix стилінде деректі фильмдер жасау идеясы қалай пайда болды? 37:05 "Қонаев дәуірі" деректі фильмі қалай түсірілді? 42:15 Біз неге орысша сөйлейміз? 51:36 Ұлтты жеккөруге болмайды 54:21 Семей полигоны туралы деректі фильм жасағым келеді 56:02 Role model адамға қалай әсер етеді? 59:43 Тарихтағы role model Қазақ әйелдері 1:07:02 Алаш интелигенциясындағы жігіттер партнерлық қарым - қатынаста болған 1:13:06 21 ғасырдағы role model әйелдер 1:15:14 Саясатта әйелдердің үні жоқ 1:18:58 Бишімбаевтің сотын ақша шешпейді 1:27:27 Анам желтоқсанға қатысқан 1:30:49 Айдентика туралы 1:45:47 Қорытынды
«Бишімбаев соты» мен «Су тасқынын» не байланыстырады? | Арнайы шығарылым
lundi 8 avril 2024 • Durée 01:53:15
27-Наурыздан бері жалғасып жатқан «Бишімбаевтің сотын Қазақ тілді аудитория көрмейді» деген қауесет бар.
Себебі сот орыс тілінде жүріп жатыр.
Осы сот процесіне қатысты барлық адам білуі керек маңызды тақырыптарды талқылау мақсатында Айгерім Құсайынқызы мен Дастан Аққожаны спикер ретінде шақырып, тікелей эфирде арнайы Қазақ тілінде эпизод жаздық.
Эпизодты толық көріп, әлеуметтік желілерге үзінділер жүктеуді ұмытпаңыз!
Таймкод:
00:00 Кіріспе
00:43 Бишімбаевқа қатысты сот процесі қандай мәселелерді әшкереледі?
05:26 Неге сот процесі орыс тілінде өтуде?
09:47 Неге бұл сот процесі әрбір Қазақстандық үшін аса маңызды?
19:20 Бұл сот процессі Қазақстанның намысын таптауда…
26:05 Бишімбаев қай баптар бойынша айыпталуда?
30:25 Неге бұл сот алқабилермен қаралуда?
36:45 Бишімбаев өзін қалай ақтады?
39:35 Егер Бишімбаев ақталса…
46:26 Ол микрофон алдында сөйлеуге жақсы дайындалған
53:08 Судьяда Қуандыққа симпатия болды…
1:00:33 Біз сот процессінің әділ өтуіне қалай әсер ете аламыз?
1:04:58 Біз ашық сот процессін өткізу бойынша төртінші орындамыз
1:08:46 40% суицидтің себебі анықталмаған
1:15:44 Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін?
1:21:40 Бишімбаевты жақтау - Салтанатты кінәлау
1:25:55 Қарға баласын әппағым дейді
1:32:10 Бывший - үлкен триггер
1:39:09 Елден көшкім келеді…
1:47:40 Бишімбаев соты мен су тасқынын не байланыстырады?
1:52:22 Қорытынды
подкастты тыңдау:
Яндекс Музылка - https://music.yandex.ru/album/30286281
басқа платформалар - https://podcasters.spotify.com/pod/show/-041355
Подкаст жүргізушісі
Роза Әшірбаева https://www.instagram.com/rozaashirbayeva
https://www.instagram.com/roza.coach
Продюсер
Тамирис Кушалиева https://www.instagram.com/tamiris.k
Әсел Налыбекова https://www.instagram.com/asselnalybekova
Подкаст қонақтары
Айгерім Құсайынқызы https://www.instagram.com/kussaiynkyzy/
Дастан Аққожа https://www.instagram.com/dastan.zikirya/
Арт директор
Мирас Тыныштыков https://www.instagram.com/miras.tynyshtykov
Motion дизайнер
Абылай Махамбеткул https://www.instagram.com/abldouble
YouTube менеджер
Бекжан Нұрадин https://www.instagram.com/bek10ay
Джингл
Yenlik https://www.instagram.com/yenleak
Нуржан Абдолла https://www.instagram.com/dln_music
Түсірілім тобы
https://www.instagram.com/silvers.production
Раиса Сайран Қадыр - Моңғолиядан келіп, шетел кітаптарын Қазақ тіліне аударған іскер әйел.
Saison 1 · Épisode 3
samedi 6 avril 2024 • Durée 01:29:00
“Kozqaras podcast-тың” кезекті қонағы кәсіпкер, Steppe&World баспа үйінің негізін қалаушы - Раиса Сайран Қадыр.
Раиса ханыммен «Дипломаттар отбасында дүниеге келудің ерекшеліктері», «Харри поттер Қазақ тіліне қалай аударылды?», «Кітап баспасы саласында табыс бар ма?» тақырыптары аясында қызықты әрі пайдалы эпизод жаздық.
7 тілді меңгерген, декретте отырып Европада жоғары сұранысқа ие болған киім брендін жасай алған іскер Қазақ әйелінің өмірге көзқарасын тыңдап, бұл әлемде шектеу жоқ екеніне кезекті рет көз жеткізеріңіз сөзсіз.
"KOZQARAS" промо-кодын қолданып, демеушіміз "Waffle" тәттілеріне 10% жеңілдік алыңыз!
Промокод осы подкаст шыққан күннен бастап 20-cәуірге дейін, тек Алматы қаласында ғана қолданылады.
Instagram - https://www.instagram.com/waffle_kex
таймкод:
00:00 Кіріспе
02:56 Раиса ханыммен танысу
06:31 Дипломатиялық отбасыда дүниеге келудің артықшылықтары
11:53 Достықтан туған отбасы - ең мықты отбасы
13:31 Әлеуметтік антропология туралы
20:30 Жеті тіл білсең - жеті адамсың
27:58 Моңғолияда тұратын Қазақтар туралы
31:46 Қазақстанға қоныс аудару
33:56 Баспа үйін ашу идеясы неден туды?
40:16 «Норвег орманы» кітабы туралы
43:41 Алғашқы аудармалар
52:34 «Харри поттер» Қазақ тіліне қалай аударылды?
56:54 Қазақтар кітап оқымайды
58:30 Кітаптар қалай шығады?
1:04:04 Осы жылы Steppe&World-тан қандай кітаптар күтеміз?
1:07:12 Неге балаларға арналған кітаптар?
1:15:53 Кітап баспасы саласында табыс табуға болады ма?
1:26:38 Қорытынды
Ержан Мырзабаев: “Еркектер әйелді тыңдаңдар! Алимент неге төленбейді? Бақытты отбасының сыры неде?”
Saison 1 · Épisode 2
dimanche 24 mars 2024 • Durée 01:32:17
Еліміздің ажырасу статистикасы бойынша ондыққа кіретіні мен жалпы алимент бойынша берешектің 22 миллиард теңгеге жеткені бізде «Отбасыны дұрыс құру және оны сақтап қалу» актуалды мәселе екенін көрсетіп тұр. “Kozqaras podcast-тың” кезекті қонағы #1 отбасылық психолог Ержан Мырзабаев «Неге үйлену саны азайып жатыр? Отбасыдағы ер мен әйелдің қарым-қатынасы қалай болуы керек?» деген сұрақтарға жауап беріп бала тәрбиесіндегі өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл тек қана отбасылы адамдар емес, барлығы көруі керек отбасы туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға көмектесетін эпизод. "KOZQARAS" промо-кодын қолданып, демеушіміз "Waffle" тәттілеріне 10% жеңілдік алыңыз! Промокод осы подкаст шыққан күннен бастап 8-cәуірге дейін, тек Алматы қаласында ғана қолданылады. Instagram - https://www.instagram.com/waffle_kex Таймкод 00:00 Кіріспе 01:58 Біреудің баласының тәрбиесін неге уайымдайсың? 06:36 Қазақ жігітке тұрмысқа шыққым келді бірақ… 09:32 Отбасы туралы түсінікті өзгерту керек 13:44 Не үшін бөлек шығу керек? 15:34 Бақытты Отбасының сыры - Теңдікте 18:04 Заман өзгергенін қабылдау керек 24:41 Еркектер - әйелді тыңдаңдар! 29:31 Ең көп тараған отбасылық проблема 34:40 Қоғамдағы проблемалар - жақсы адамдардың үнсіз қалғанынан 42:51 Бала әкеден қорқып өсуі керек пе? 53:06 Ержан Мырзабаев өз балаларына қалай тәрбие береді? 1:00:36 Неге үйлену азайып жатыр? 1:10:00 Ажырасу тұрмыстық зорлық-зомбылықтың шешімі бола алады ма? 1:19:13 Отбасылық құндылықты дәріптеуді міндеттеу керек. 1:23:38 Неге еркек алимент төлемейді? 1:27:59 Жас отбасыларға кеңес 1:30:33 Қорытынды подкастты тыңдау: Яндекс Музылка https://music.yandex.ru/album/30286281 басқа платформалар https://podcasters.spotify.com/pod/show/-041355 Подкаст жүргізушілері Роза Әшірбаева https://www.instagram.com/rozaashirbayeva https://www.instagram.com/roza.coach Әсел Налыбекова https://www.instagram.com/asselnalybekova Продюсер Тамирис Кушалиева https://www.instagram.com/tamiris.k Әсел Налыбекова https://www.instagram.com/asselnalybekova Подкаст қонағы Ержан Мырзабаев https://www.instagram.com/yerzhan.myrzabayev Арт директор Мирас Тыныштыков https://www.instagram.com/miras.tynyshtykov Motion дизайнер Абылай Махамбеткул https://www.instagram.com/abldouble YouTube менеджер Бекжан Нұрадин https://www.instagram.com/bek10ay Джингл Yenlik https://www.instagram.com/yenleak Нуржан Абдолла https://www.instagram.com/dln_music Бренд менеджер Waffle Диана Аманова https://www.instagram.com/diamanovaa Режиссер Раушан Серікжан https://www.instagram.com/raushan_serikzhan Қоюшы-оператор Дэн Берестовой https://www.instagram.com/db_rus Оператор Саша Заец https://www.instagram.com/sverhzaezd Виктор Серов https://www.instagram.com/serovvo Екінші режиссер Ерасыл Қайратов https://www.instagram.com/ka1ratov Дыбыс операторы Алдияр Мусатаев https://www.instagram.com/mmusataevv Edit Бейбарс Нурадинбеков https://www.instagram.com/nuradinbekov_ Color Асанали Исатаев https://www.instagram.com/asan.color Видеограф Сая Аяпова https://www.instagram.com/saya_ayapova Make up & hair стилист Екатерина Нам https://www.instagram.com/kate_makeup_almaty Стилист Айдана Сомтемирова https://www.instagram.com/aidana_somtemirova Ерекше алғысымызды білдіреміз Асхат Мекебай https://www.instagram.com/askhat_abu_muhammad Эльмира Бакаева https://www.instagram.com/elya_bakayeva Подкаст демеушісі Waffle by KEX Group https://www.instagram.com/waffle_kex #kozqaraspodcast
YENLIK - Шымкенттің келінімін, хостелде жұмыс істедім, Альбом | Kozqaras podcast
Saison 1 · Épisode 1
dimanche 10 mars 2024 • Durée 01:04:14
мен ұзақ уақыт дайындалған және мен үшін қымбат жобаларымның бірі “Kozqaras” podcast-тың алғашқы шығарылымы жарыққа шықты! алғашқы қонағым ретінде: R&B жанрымен Қазақи музыканы ұштастыра алған танымал әнші Еңлікті шақырдым. Еңлікпен: ата-енесі рэпер келінді қалай қабылдады, 3 жылдық Мұғалімдік тәжірибе нені үйретті және жақын арада жарық көретін альбом туралы сөйлестік. Сіздерден қолдау күтемін! "Roza" промо-кодын қолданып, демеушіміз "Waffle" тәттілеріне 10% жеңілдік алыңыз! Промокод осы подкаст шыққан күннен бастап 20-наурызға дейін, тек Алматы қаласында ғана қолданылады. Instagram - https://www.instagram.com/waffle_kex Таймкод: 00:00 Кіріспе 03:13 “Джингл” туралы 08:38 Мен осы өмірімді армандадым… 15:12 SHIZA-мен фит туралы 16:44 Қорықпай өмір сүрейікші. 22:17 Бір саладағы адаммен отбасын құруға тырысыңдар… 28:18 Жігіттермен жұмыс жасаған оңай. 34:50 Мұғалімдік тәжірибе туралы… 40:07 Әйелдің қырық жаны бар… 44:39 Beyoncé-мен танысқым келеді 47:23 Шынымен пайдалы болсам деймін 53:35 Қыздар - оқып, жұмыс істеп, ақша табыңдар! 58:58 Мен бақытты болғым келеді. 1:01:18 Қорытынды









